aspan

«ҮЙІМЕ ҰРЫ ТҮСТІ» ДЕП ШАҒЫМДАНҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Әйелдің айтуынша, бетперде таққан ер адам әйелдің үйіне кіріп, қарумен қорқытып, қолын байлап, алтын мен ақшасын ұрлаған.

“Ауыр қылмыс туралы хабар дереу қарауға алынды. Полиция тергеу жұмыстарын бастады, жедел қызметтер тартылды, тергеу және іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Алайда кейін ешқандай шабуыл болмағаны белгілі болды”, – деп мәлімдеді полиция.

Анықталғандай, әйел күйеуімен жанжалдаспас үшін тонау туралы оқиғаны ойдан шығарған. Ол бірнеше ай бұрын алтын әшекейлерін күйеуіне айтпай сатып жіберген.

Аталған жағдайда қасақана жалған қылмыс туралы хабарлау фактісі бойынша тергеу басталды. Полиция бұл әрекеттің қылмыстық жауапкершілік екенін ескертті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ІШІМДІК САУДАСЫ РЕТТЕЛМЕК

КОМПЛЕКСНАЯ РАБОТА ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ КАЧЕСТВЕННОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ В ШЫМКЕНТЕ

Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды.

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз