Ақпарат Жаңалықтар Туризм

Грузия туристерге қойылатын талапты күшейтіп жатыр

2024 жылдың 1 маусымынан бастап Грузияға кірген туристер міндетті түрде медициналық сақтандыру сатып алуы керек, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Грузияның «Туризм туралы» заңының 12-бабына сәйкес, енді Грузияға кіретін туристің міндетті түрде медициналық сақтандыруы болуы керек.

Дереккөзге сүйенсек, 10 күнге арналған медициналық сақтандырудың құны Қазақстан валютасына шаққанда 7 мың теңге мен 14 мың теңге аралағында болады.

Басты айта кетерлігі, елге медициналық сақтандыру сатып алмай кірген туристерге 300 лари көлемінде, яғни, 50 мың теңге шамасында айыппұл салынады. Айыппұлды уақытылы төлемеген адам 600 лари, яғни, 100 мың теңге шамасында айыппұл арқалайды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Әлеммен жарыс: Halyk бизнеске уақыт талабына сай болуға қалай көмектеседі

Алматы облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Қазақстан бойынша 58 миллион тонна радиоактивті қалдықтар шашылды — депутат

Пікір қалдырыңыз