3 наурыз күні таңсәріде Ақтөбеде автогаз құю бекетінде ірі өрт болды. Оқиға Алматы ауданындағы Кирпичный көшесінде тіркелген.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, әуелі жер үстіндегі газ сақтайтын резервуарлардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылған. Қаза тапқандар ме нзардап шеккендер жоқ.
«Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт толықтай жойылды. Оқиға салдарынан екінші жерүсті цистерна, газ тасымалдаушы автокөлік және операторлық бөлме өртенді», — деп мәлімдеді ТЖМ.
Өртті сөндіруге жалпы төтенше жағдай қызметкерлерінен 60 адам мен 16 бірлік техника қажет болды.
Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталып жатыр.
