aspan

ТҮРКІСТАНДА ХХVIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ РОМАНСИАДАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласында «Қазақ романсиадасы» жас орындаушыларының байқауы өз мәресіне жетті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін өнер додасы биыл 28-рет ұйымдастырылды.

Екі күнге созылған байқаудың мақсаты – классикалық музыка өнерін дәріптеу және Орталық Азия елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайту.
Салтанатты марапаттау рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.
Түркістан облыстық әкімдігінің қолдауымен «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газеті мен Түркістан облысының «Славян этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен өнер додасына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елінен 60 үміткер қатысып, байқау ережесіне сәйкес екі кезең бойынша бақ сынады. Қазақ және орыс тілінде романс орындаған үміткерлердің өнерін Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның көрнекті өнер қайраткерлерінен құралған халықаралық қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Байқаудың Бас жүлдесін алматылық Аружан Тоқтаған иеленді.
«Фараб» кітапханасының концерттік залында гала-концерт ұйымдастырылды. Байқау жеңімпазы желтоқсан айында Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өтетін халықаралық романс орындаушыларының қорытынды байқауына қатысады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАНДА «1WIN» ОНЛАЙН-КАЗИНО ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫНЫҢ ҮСТІНЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Aspan info

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАНК АРҚЫЛЫ КӨРШІЛЕС ЕЛДЕН БАСҚА ЕЛДЕРГЕ 7 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ ЖІБЕРІЛГЕН

Aspan info

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «РУССКАЯ МЕДНАЯ КОМПАНИЯ» НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ ИГОРЬ АЛТУШКИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз