aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Саясат Түркістан

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА «АБУ-ДАБИ» ҚОРЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРҒАН ЕКІ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Түркістан облысы Бәйдібек ауданының Ақбастау және Бірлік ауылдарында жаңа балалар ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді. Әлеуметтік нысандар «Абу-Даби» қорының қаржыландыруымен салынды. Жобаның жалпы құны – 180 млн теңге.

Бұл бастама Түркістан облысының әкімі мен Абу-Даби шейхі арасында қол қойылған меморандум аясында жүзеге асырылуда.
Әлеуметтік нысандардың ашылу салтанатына Бәйдібек ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков, «Түркістан» кооперативтік әлеуметтік даму қорының директоры Мақсат Раманқұлов, «Абу-Даби» қорының өкілі Абдулазиз Саид Али Амер Әл Заиди, аудан әкімдігінің өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Жиында игі бастаманың маңызы айтылып, қайырымдылық жобасын жүзеге асыруға үлес қосқан тараптарға алғыс айтылды.
Бұған дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Біріккен Араб Әмірліктерінің «Абу-Даби» қорының өкілі Абулазиз Саид Али Амер Әл Заидимен кездескен болатын. Кездесуде өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері мен экономикалық әлеуеті, сондай-ақ инвестиция тартудың перспективалық бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар демеушілік қолдауымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың барысы қаралды. Тараптар Бәйдібек ауданындағы өзге де елді мекендерде балалар мен спорт алаңшаларын салу мәселесін талқылап, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты.
Алдағы уақытта ауданның ауылдық елді мекендерінде қосымша 16 спорт және балалар ойын алаңшасын салу жоспарланып отыр. Бұл бастама ауыл тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастырып, бұқаралық спортты дамытуға және өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына серпін бермек.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СБОРНАЯ КОМАНДА ГОРОДА ШЫМКЕНТ ЗАНЯЛА I-МЕСТО В ОБЩЕКОМАНДНОМ ЗАЧЕТЕ НА VI МОЛОДЕЖНЫХ ИГРАХ ПО СТЕНДОВОЙ СТРЕЛЬБЕ!

ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

ШЫМКЕНТ: АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДА 100-ДЕН АСТАМ ӨТІНІШКЕ ЖАУАП БЕРІЛДІ

Пікір қалдырыңыз