aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ: ҮКІМЕТТІҢ МІНДЕТІ – ОТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРҒА ӨНІМДЕРІН ТҰРАҚТЫ ӨТКІЗУГЕ КЕПІЛДІК БЕРУ

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында отандық өнімдер мен компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, елімізде шығарылатын өнімдерге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу арқылы кепілді сұранысты қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударып отырғанын атап өтті.

«Отандық өндірісті дамыту және ішкі нарықты қорғау – Үкіметтің экономикалық саясатының теңдессіз басымдығы. Мемлекет басшысы атап өткендей, күшті әрі бәсекеге қабілетті нақты сектор мен отандық тауар өндірушілерге арқа сүйемей, қуатты экономика құру мүмкін емес. Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру аясында биыл Қазақстанда жалпы құны шамамен 1,7 триллион теңгені құрайтын 200-ге жуық жаңа өнеркәсіптік кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда. Біздің міндетіміз – отандық зауыттар мен фабрикалар үшін өнімдерін тұрақты өткізуге, қаржыландыру тетіктеріне қол жеткізуге және әділ бәсекелестік жағдайларына кепілдік беру», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: ТОЧКА ПЕРЕСЕЧЕНИЯ ТУРИСТИЧЕСКОГО МАРКЕТИНГА И МЕЖДУНАРОДНЫХ СВЯЗЕЙ

ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ӨТЕ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ҚОЛДАУЫМЕН «ШЫМКЕНТ САЗ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз