aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Саясат Түркістан

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «PALLAS RESOURCES» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Pallas Resources Ltd» компаниясының президенті әрі құрылтайшысы Даниэл Риклманмен кездесті.

Кездесуде өңірдің жер қойнауын зерттеу, пайдалы қазбалар қорын анықтау, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және инвестициялық әріптестік орнату мәселелері талқыланды.
«Pallas Resources» – Орталық Азияда мыс пен алтын кен орындарын іздеуге және геологиялық барлауға маманданған британдық компания. Компания халықаралық тау-кен саласындағы ірі инвесторлармен де әріптестік орнатқан.
Облыс әкімі өңірдің минералдық-шикізаттық әлеуетін тиімді пайдалану, жаңа инвестиция тарту және өзара тиімді жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде компания өкілі өңірдегі геологиялық барлау саласындағы мүмкіндіктерге қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысында тараптар ынтымақтастық бағыттарын пысықтап, әріптестікті жалғастыруға уағдаласты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Павлодар облысында жылқы қырылып жатыр

ТАРАЗДА ӨЗ БАЛАСЫН ҰРЫП-СОҒЫП, СОНЫ ВИДЕОҒА ТҮСІРГЕН ӘЙЕЛГЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Aspan info

17 ЖЫЛ ҚҰЛДЫҚТА БОЛҒАН ҚҰНДЫЗДЫҢ СОҢҒЫ ФОТОСЫНАН КЕЙІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз