aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Спорт Түркістан

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАРАШАХМАТШЫЛАР ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Сарыағаш қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру органдары зақымданған спортшылар арасында парашахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде «Облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубы» КММ спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жекелей және командалық санат бойынша чемпион атанды.

Атап айтқанда, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы командалық жарыста Түркістан облысының құрамасы І орынға ие болды. Өңір намысын қорғаған Өмірсерік Серікбаев, Аружан Бәйділә және Айқын Қалдыбек қарсыластарынан басым түсіп, чемпиондық тұғырдан көрінді.
Сондай-ақ көру органдары зақымданған спортшылар арасында өткен командалық жарыста да түркістандықтар үздік атанды. Бұл санатта Қуанышбек Джумадуллаев, Абылқасым Ерімбетов, Әсел Амангелді мен Ержан Ибрагимов жеңіске жетіп, облыс қоржынын алтын медальмен толықтырды.
Осылайша, қос санат бойынша да командалық чемпион атанған түркістандық спортшылар облыс мерейін үстем етіп, параспорт саласындағы жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жетістік – спортшылардың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ жаттықтырушылар – Асатулла Супбаев, Маратиллә Жамангараев пен Инкарбек Нысанбаевтың кәсіби шеберлігінің жемісі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Степногорсктегі авария, қуғындау және атыс. Полиция толық ақпарат берді

БИЫЛ ҚАЗАҚСТАНДА 1,6 МЫҢҒА ДЕЙІН АУЫЛДЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

Aspan info

Биыл Шымкентте 26,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

Пікір қалдырыңыз