aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Шымкент

Шымкентте өзенге қоқыс жәшіктерін лақтырған ер адам 7 тәулікке қамалды

Шымкентте Қошқар ата өзенінің жағалауындағы жаңадан абаттандырылған аллеяда қоқыс жәшіктерін өзенге лақтыру дерегі бойынша полиция іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде оқиғаға қатысы бар 48 жастағы қала тұрғыны Билолов Ильзар анықталды. Оған қатысты қоғамдық орында мүлікті қорлау дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция тұрғындар мен қала қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға және ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырады.

Қоғамдық мүлікті бүлдіргені үшін заңнамада жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР САЛҒЫРТТЫҒЫ ҮШІН ЖАЗАЛАНБАҚ

Aspan info

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРТТАР СПОРТТА» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Aspan info

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРҒЫН СУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫНА КІРІСТІ

Пікір қалдырыңыз