aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Оқыс оқиға Шымкент

Әлеуметтік желідегі әдепсіз әрекеті үшін шымкенттік үш тұрғын жауапқа тартылды

Қоғамдық тәртіпті бұзу жайттары үшін жауапкершілік көзделгені туралы ескертулерге қарамастан, әлеуметтік желілерде мұндай құқық бұзушылықтар әлі де тіркелуде.

Мәселен, интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында полицейлер Шымкенттің үш тұрғыны тікелей эфирде бейәдеп сөздер айтып, айналасындағыларға ашық құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған бейнежазбаны анықтады. Құқық бұзушылардың жеке бастары анықталды. Олар — 19 жастағы Жанерке Қалдыхан, 18 жастағы Балжан Утарбаева және 20 жастағы Камила Бекжан.

Үшеуі де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар Камила Бекжанға қатысты тыйым салынған орында қорқор тұтынғаны үшін де тиісті шара қабылданды. Сот шешімімен Балжан Утарбаева мен Жанерке Калдыханның әрқайсысы 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Ал Камила Бекжанға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция ескертеді: әлеуметтік желілерді қоса алғанда, кез келген қоғамдық ортада белгіленген тәртіп пен әдеп нормаларын сақтау міндетті. Әрбір құқық бұзушылыққа заң аясында тиісті құқықтық баға беріледі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Сен суперқаһармансың». Түркістан облысындағы балалар ауруханасында ерекше тәжірибе тамыр жайды

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР ҚАРАЛДЫ

Төлеби ауданы Пробация қызметі есебінде тұрған аз қамтымасыз етілген 5 отбасыға демеушілер есебінен көмек берілді

Пікір қалдырыңыз