aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Саясат Туризм Түркістан

ТҮРКІСТАН 2027 ЖЫЛЫ ИСЛАМ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ АТАНАДЫ

Түркістан қаласы 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде мәлімдеді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде бұл шешімнің ИСЕСКО ұйымы аясында қабылданғанын атап өтіп, Түркістанда түркі өркениетінің рухани мұрасы мен мәдени сабақтастығын дәріптеуге бағытталған бірқатар халықаралық іс-шара ұйымдастырылатынын жеткізді.
«ИСЕСКО ұйымының шешімімен киелі Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанбақ. Біз осы бастама аясында түркі өркениетінің рухани үндестігі мен сабақтастығын сақтауға ықпал ететін ауқымды шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді Президент.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы алдағы уақытта Түркістанда әдебиет пен тіл мәселелеріне арналған Қожа Ахмет Ясауи халықаралық форумы және түркі мен ислам әлемінің мұражай ісі мамандарының жиыны өтетінін хабарлады.
Аталған халықаралық бастамалар Түркістан қаласының тарихи және рухани маңызын халықаралық деңгейде айшықтап, 2027 жылы әлемдік мәдени кеңістіктің маңызды орталықтарының біріне айналмақ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ҮЛКЕН ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕР ЖАСАЛУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БОЙ КӨТЕРЕТІН НЫСАНДАРДЫҢ СӘУЛЕТІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Aspan info

ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІ — ГИННЕС РЕКОРДЫНА ЕНГЕН HACKALEM AI 2026 ХАКАТОНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз