aspan

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БҰҰ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МЕТЕОРОЛОГИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, БАӘ ҰЛТТЫҚ МЕТЕОРОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ АБДУЛЛА ӘЛ-МАНДУСТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның арнаулы мекемесі саналатын Дүниежүзілік метеорология ұйымы климат, ауа райы, су ресурстары және табиғи апаттардың қатерін азайту бағытындағы жаһандық ынтымақтастықты ілгерілетуде негізгі рөл атқаратынын атап өтті.

✔️Мемлекет басшысы мен Ұйым жетекшісі Қазақстан үшін стратегиялық мәнге ие климат мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, ерте хабарлау жүйесін дамыту, метеорологиялық инфрақұрылымды жаңғырту және ғылыми деректер алмасу өте маңызды.
✔️Президент Қазақстан тарапының БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен өзара байланысты арттыруға дайын екенін растады.
✔️Бұдан бөлек, өңірлік және жаһандық деңгейдегі су қауіпсіздігі мен су ресурстарын басқару мәселелерін шешудің өзектілігіне мән берілді. Бұл ретте Қазақстанның БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасының маңызы айрықша.
✔️Түркістан облысы БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен бірге су қоймаларын толтыру және ауыл шаруашылығы жерлеріне су жеткізу мақсатында жауын-шашынды жасанды жолмен шақыратын бастаманы жүзеге асырады. Аталған жоба биыл 17 мамырда іске қосылады.
✔️Осылайша, Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болмақ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ ЖОЛ АПАТЫНАН ҚАЗА ТАПТЫ

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА ПРИНЯЛ ПРЕЗИДЕНТА МЕЖДУНАРОДНОЙ ФЕДЕРАЦИИ ЛЫЖНОГО СПОРТА И СНОУБОРДА (FIS) ЙОХАНА ЭЛИАША

Aspan info

2026 ЖЫЛЫ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕ СУ ТАПШЫЛЫҒЫ ҚАУПІ БАР

Aspan info

Пікір қалдырыңыз