aspan

АЛМАТЫДА ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН ӘНШІ ГҮЛНҰР СИҚЫМБАЕВАНЫҢ ҰЛЫ ӨЛІ ТАБЫЛДЫ

Алматы қаласында хабар-ошарсыз кеткен азаматтың өлі табылуына байланысты қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылған. Бұл туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Журналистің жазуынша, марқұмның нақты неден көз жұмғаны әзірге белгісіз. Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, Баир Сиқымбаев 24 наурыз күні Алматы қаласындағы Коперник көшесінде орналасқан үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Осыдан кейін туыстары оның жоғалып кеткенін хабарлап, жұртшылықтан көмек сұраған еді.

Іздеу жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілген. Өкінішке қарай, оның денесі табылғаны туралы суыт хабар тарады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр, сараптамалар тағайындалған.

Марқұмның жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ПИД…СЫ ЖӘНЕ ЧЕБУРОДТАР»:ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХОККЕЙШІЛЕРДІ БАЛАҒАТТАҒАН РЕСЕЙЛІК КОММЕНТАТОР ЖАЗАЛАНДЫ

Aspan info

ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ЖАҢА КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ АППАРАТЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ

Aspan info

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ УЛЫ ГАЗДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Пікір қалдырыңыз