aspan

АТЫРАУДАҒЫ ОТБАСЫ ӨЛІМІ: КҮДІКТІГЕ ТАҒЫ БІР АЙЫП ТАҒЫЛДЫ

Атырау облысының Жангелдин ауылында бір отбасын түгелдей өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевке қосымша айып тағылды.

Ішкі істер министрлігінің ресми жауабына сәйкес, күдікті енді Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергелуде:

  • 99-бабының 2-бөлігі – «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру»;
  • 188-баптың 2-бөлігі – «Алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық».

«Атырау облысы полиция департаменті адам өлтіру және олардың мүлкін ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды», – делінген министрліктің хабарламасында.

Алайда ведомство күдіктінің әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның іске қатыстылығына әзірге құқықтық баға берген жоқ.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2025 жылдың желтоқсан айында болған еді. Сол кезде Жангелдин ауылында тұратын зейнеткерлер мен олардың ересек балаларының жоғалып кеткені туралы хабар тараған болатын. Кейіннен, 6 қаңтарда ерлі-зайыптының мәйіті өз үйлерінің ауласындағы шаруашылық нысанның астынан табылды.

Тергеу негізгі күдікті ретінде 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевті анықтады. Ол әйелі Ақбаян Мұқанғалиевамен бірге шетелге қашып, Индонезияның Сенару ауылында ұсталды.

Экстрадициядан кейін Сәрсемалиев тағы екі адамды Наурыз Мұқанғалиев пен Мирамгүл Қарабалинаны өлтіргенін мойындап, олардың денелері көмілген жерді көрсетті. Марқұмдарды Геолог шағын ауданындағы күдікті жалға алған үйдің ауласынан тапты.

Ақбаян Мұқанғалиева қазір Атырауда психиатриялық сараптамадан өтуде. Оның іске қатыстылығы тексерілуде, тергеу жалғасып жатыр. Іс министрліктің ерекше бақылауына алынған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АСТАНАДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Aspan info

ЭКС-ЗАМГЛАВЫ ДКНБ МАНГИСТАУ ОСУДИЛИ НА 11 ЛЕТ ЗА ВЫМОГАТЕЛЬСТВО $500 000

Aspan info

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА АЯҚ ЖОЛДАР МЕН ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛДЕРІ САЛЫНАДЫ

Пікір қалдырыңыз