aspan

АТЫРАУДА 62 ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМ ӘЙЕЛІН ПЫШАҚТАП ӨЛТІРДІ

16 наурыз күні Атырауда отбасындағы жанжал кезінде күйеуі өзінің 58 жастағы жұбайын пышақтап өлтірді.

62 жастағы күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Атырау облыстық полиция басқармасы «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық істің тіркеліп, тергеп-тексеру амалдарының басталғанын хабарлады.

Тұрғындардың сөзінше, күйеуінің қолынан қаза тапқан әйел мұғалім болған. 63 жастағы ер адам мас күйінде осындай қылмысқа барған. 

«Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАНДА 8 АЙЛЫҚ СӘБИДІҢ ІШІНЕН ИНЕ ТАБЫЛДЫ

Aspan info

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Aspan info

ЕЛІМІЗДЕ ТҮЛЕКТЕРГЕ МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІНЕ АҚША ЖИНАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз