aspan

ШЫМКЕНТТЕ МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ 13 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚОСЫЛДЫ

Шымкентте жыл басынан бері МӘМС жүйесіне қосымша 13 мыңнан астам тұрғын қосылды. Осылайша, жүйеде сақтандырылғандар саны 1 117 894 адамды құрап отыр. Сақтандырылған мәртебесі азаматтарға медициналық көмектің кең спектрін алуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, олар жоспарлы медициналық көмекті, диагностикалық зерттеулерді, консультациялық қызметтерді және бірқатар жоғары технологиялық медициналық қызметтерді пайдалана алады.
Бұл туралы тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамту бойынша қала әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтың төрағалығымен өткен өңірлік штаб отырысында айтылды. Атқарылған жұмыстар туралы ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәуле Дүйсенбаева баяндады.
Штаб отырысында атап көрсетілгеніндей, қазіргі таңда қалада 60-қа жуық емхана тұрғындарға қызмет көрсетеді. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға тіркелген халық саны 1 миллион 300 мыңға жуық. Медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруда тұрғындарды МӘМС жүйесімен қамту маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты қала әкімінің орынбасары жауапты мекемелерге бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СЕРІК СӘПИЕВ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Aspan info

ПРЕЗИДЕНТ ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ МЕН ПАРАЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАТЫН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА МҮШЕЛЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Aspan info

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ»: ЖАҢА ИДЕЯЛАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

Пікір қалдырыңыз