aspan

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ АНАЛАР МЕН АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс әкімі аппаратының ұжымындағы ардақты аналар мен қыз-келіншектерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Возможно, это изображение один или несколько человек, кларнет и скрипка
▪️Ізгі тілегін жеткізген өңір басшысы әйелдердің қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, олардың еңбегі мен жауапкершілігі, мейірімі мен парасаты әрдайым жоғары бағаланатынын айтты. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерге алғыс білдіріп, отбасыларына амандық, жұмыстарына табыс тіледі.
📌– Бұл күн – нәзіктік пен мейірімнің, сұлулық пен парасаттың, аналық махаббат пен ізгіліктің мерекесі. Әйел – отбасының берекесі, қоғамның тірегі. Өздеріңіз білесіздер, Түркістан облысы көпбалалы аналарымен мақтанады. Өңірде 190 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Біздің нәзікжанды аруларымыз қоғамның барлық саласында өте белсенді. Кәсіпкерлік, мемлекеттік қызметте де ардақты жандар жемісті еңбек етіп келеді. Оның ішінде мемлекеттік қызметтегі қыз-келіншектер өңірдің дамуына елеулі үлес қосуда. Оған біз ғана емес, қоғам да куә болып жүр. Мемлекеттік қызметтің жауапты міндеттерін абыроймен атқарып, кәсібилік пен іскерліктің жоғары деңгейін танытып жүрсіздер. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз өңірдің өркендеуіне қызмет етіп, мемлекеттік қызметтің беделін арттыра түсті. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Әр күніңіз қуанышқа толы болып, еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын! – деді Нұралхан Көшеров.
▪️Жылы жүздесу барысында нәзік жандыларға құрмет көрсетіліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.
Возможно, это изображение один или несколько человек
▪️Айта кетейік, облыс көлеміндегі 214 мыңнан астам кәсіпкердің 88 мыңы – қыз-келіншектер. Яғни, шағын және орта кәсіпкерліктің 41 пайызынан астамында іскер ханымдар басшылық жасауда. Мемлекеттік қызметте 1500-ден аса нәзікжанды елге қызмет етіп жүр. Түркістан – халық саны жағынан да, көпбалалы аналар саны жағынан да ел бойынша алдыңғы орында. 2025 жылы өңірде 45 мыңнан астам сәби дүние есігін ашты. Өңірдегі 191 мыңнан астам көпбалалы ана бар.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШАХБАЗ ШАРИФ: «ПӘКІСТАН ҚАЗАҚСТАНДЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МАҢЫЗДЫ СЕРІКТЕСТЕРІНІҢ БІРІ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРАДЫ»

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТ: КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖАЛҒАСУДА

Aspan info

Пікір қалдырыңыз