aspan

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ САУД АРАБИЯСЫНЫҢ ТАҚ МҰРАГЕРІ МҰХАММЕД БЕН САЛМАН ӘЛ САУДПЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Мемлекет басшысы Тақ мұрагерімен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы аймақтық қана емес, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа орасан қатер төндіретініне назар аударды.
Президент пен Тақ мұрагері қақтығысқа қатыспаған елдердің аумағына шабуылдардың жалғасуы мұсылман үмбетінің өзара құрмет пен төзімділік танытатын айында орын алғанына қынжылатындарын жеткізді.
Мемлекет басшысы отандастарымызды Қазақстанға эвакуациялауға көмектескен Корольдік Үкіметіне алғыс айтты.
Өз кезегінде Тақ мұрагері қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, қасиетті Рамазан айында Қазақстан халқына ізгі тілегін жолдады.
Тараптар екіжақты қатынастарды жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру, сондай-ақ халықаралық аренадағы бірлескен күш-жігерді үйлестіру мақсатында тұрақты саяси диалогты арттыруға уағдаласты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘСКЕРДЕГІ САРБАЗДАР ӨЛІМІНЕН КЕЙІН БІРНЕШЕ КОМАНДИР ЛАУАЗЫМЫНАН АЙЫРЫЛДЫ ТАЛҒАТ БАЙСУФИНОВ ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ФУТБОЛ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

Aspan info

ПРЕЗИДЕНТ БАНК ЖӘНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ТУРАЛЫ ЕКІ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Aspan info

ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫН МАЗАҚ ҚЫЛҒАН ШЕТЕЛДІК БЛОГЕРЛЕР 7 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛУЫ МҮМКІН

Aspan info

Пікір қалдырыңыз