aspan

ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ЕҚЫҰ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСІП, ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

▪️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Алексей Роговпен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, экологиялық бастамаларды қолдау және тұрақты даму бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
▪️Өңір басшысы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жан-жақты баяндап, инвестициялық мүмкіндіктер мен өндірістік әлеуетке тоқталды. Атап айтқанда, ет, мақта және жүгері бағытындағы кластерлік жобалардың маңызына ерекше назар аударылды. Бұл бастамалар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға, экспорт көлемін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
▪️Нұралхан Көшеров халықаралық ұйымдармен серіктестікті нығайту өңірдің тұрақты дамуына серпін беретінін атап өтті.
▪️Алексей Рогов Түркістан өңіріне алғаш рет келгенін айтып, аймақтың қарқынды дамуына жоғары баға берді. Ол Түркістанның тарихи-мәдени әлеуеті мен заманауи келбеті ерекше әсер қалдырғанын жеткізді. Сондай-ақ экологиялық бастамалар мен орнықты даму жобаларына қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
▪️Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты жалғастырып, нақты жобалар аясында байланысты күшейтуге уағдаласты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА БІР ОТБАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ӨЛТІРДІ ДЕГЕН КҮДІКТІ ИНДОНЕЗИЯДА ҰСТАЛДЫ

Aspan info

Қазақстан ІІМ туристер үшін қауіпсіздік жүйесін енгізеді: әрбір шетелдік қонаққа QR-коды бар карточка

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

АРЫСТАН ЖҮРЕКТІ ТӘШЕНОВ ЕДІ…

Пікір қалдырыңыз