aspan

ҚАЗАҚСТАН ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ ӘСКЕРИ ЖАНЖАЛДЫ ТЕК ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ШЕШУДІ ҚОЛДАЙДЫ

СІМ хабарлауынша, Қазақстан үшінші елдің ісіне араласпау ұстанымын ұстанады және ешбір тарапты қолдамайды.

СІМ хабарлауынша, Қазақстан үшінші елдің ісіне араласпау ұстанымын ұстанады және ешбір тарапты қолдамайды.

«Біз мұндай әскери қақтығыстардың болуын қаламаймыз. Егер жанжал туындайтын болса, оның шешімі дипломатиялық үстел үстінен табылуы тиіс. Біз жанжалдарды халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысына сәйкес шешуге шақырамыз», – деді сыртқы істер вице-министрі Бақаев.

Әлібек Бақаев Қазақстанның жанжалдасушы тараптарға келіссөз жүргізу үшін алаң ұсыну тәжірибесі бар екенін атап өтті. Бұған дейін Алматыда Иран мәселесіне қатысты алаң ұйымдастырылып, Сирия бойынша билік пен оппозиция арасындағы 20-дан астам раунд келіссөздер жүргізілген.

«Бұл тәжірибе әскери жанжалды тоқтатып, тараптарды келіссөз үстеліне отырғызуға мүмкіндік берді», – деді министр орынбасары.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖҰМЫСТАН БОСАТУ ДАУЫ: АПЕЛЛЯЦИЯ БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТ ШЕШІМІН ӨЗГЕРТПЕДІ

Aspan info

ЭКОНОМИКА ЗНАНИЙ И ИННОВАЦИЙ ПУТЬ К ПРОГРЕССУ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ІРІ КӨЛЕМДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІН ТӘРКІЛЕДІ

Пікір қалдырыңыз