aspan

ШЫМКЕНТ: СПОРТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРЛЕРДЕ ТОП ЖАРДЫ

Шымкент қаласының палуандары мен боксшылары халықаралық турнирлерде жүлделі атанды. Грек-рим күресінен Албанияда өтіп жатқан Muhamet Malo рейтинг турнирінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен екі жүлдеге қол жеткізді.

Возможно, это изображение текст
67 келі салмақтағы шымкенттік Мейіржан Шермағанбет финалда грузиялық Диего Чхиквадзені жеңіп, ел қоржынына грек-рим күресінен алғашқы алтынды салды. Ал 63 келі салмақта бақ сынаған Ернұр Фидахметов қола медальге ие болды. Бұл турнирге 29 елден барлығы 177 спортшы қатысып жатыр.
Возможно, это изображение текст "KAZAKHSTAN BOXING FEDERATION STING STING"
Боксшылар да «Странджа» турнирінде 1 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды.
Болгария астанасы Софияда өткен халықаралық турнирде 54 келі салмақта өнер көрсеткен Элина Базарова финалда Ұлыбритания өкілі Лорен Маккиді 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанса, 65 келі салмақтағы Лаура Есенкелді күміс медаль иеленді.
Биылғы жарысқа 31 елден 338 боксшы қатысқан болатын.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

 ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ РЕСМИ ТҮРДЕ «КӘСІПКЕРЛЕР КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС БҰЗЫЛДЫ

ЖАСТАР ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ АТА-АНАСЫНА ЖАЛАҚЫСЫНЫҢ ЖАРТЫСЫН АУДАРУЫ КЕРЕК

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз