aspan

ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ТҰРАН АУДАНДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби және Тұран аудандарының тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткізді. Қала тұрғындары бірқатар өзекті әрі әлеуметтік маңызы бар мәселені көтерді.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
Тұрғындар ерекше күтім қажет ететін азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыру, қоғамдық кеңістіктерді дамыту, бейнебақылау камераларын орнату, баспана беруде кезекті сақтау, сондай-ақ, көп қабатты үйлерді жылумен қамтамасыз ету және жаңарту мәселелерін жеткізді. Сонымен қатар, жер қатынастары, қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелдері мен автотұрақтарды ұйымдастыру, маңдайшаларды қаланың бірыңғай дизайн-кодына сәйкес рәсімдеу, аулаларды абаттандыру және көгалдандыру мәселелері де көтерілді.

Возможно, это изображение один или несколько человек и толпа
Кездесу барысында тұрғын алаптардағы жаңа үйлерге газ жеткізу, мәдениет үйлерін салу, дренаж және суағар жүйелері де талқыланды.
Сындарлы диалог барысында мегаполис басшысы жауапты тұлғалармен бірге тұрғындардың сұрақтарына жан-жақты түсіндірме берді. Аудан әкімдері мен басқарма басшыларына келіп түскен өтініштердің орындалуын бақылау тапсырылды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАР» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ПЛАНШЕТТІК УДЗ АППАРАТТАРЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ

Aspan info

«СПОРТ – ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ» АЛДЫН АЛУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз