aspan

ТҮРКИЯДА ӘСКЕРИ ҰШАҚ АПАТҚА ҰШЫРАДЫ: БІР АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Түркияның Балыкесир қаласында орналасқан 9-шы негізгі реактивті әуе базасына тиесілі F-16 Fighting Falconжойғыш ұшағы оқу-жаттығу сипатындағы жауынгерлік ұшу кезінде апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан бір ұшқыш қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесімен радиобайланыс түнгі сағат 00:56-да үзілген. Іздеу-құтқару операциясы барысында ұшақтың құлағаны расталып, сынықтары табылған.

Апат Измир – Стамбул тас жолының Наипли учаскесі маңында болған. Қауіпсіздік шараларына байланысты жол қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Түркия Ұлттық Қорғаныс министрлігі апаттың нақты себебі арнайы техникалық комиссия жүргізетін тергеу нәтижесінде анықталатынын мәлімдеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҚТАР: КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО ДЕБАТАМ СТАРТОВАЛ В ШЫМКЕНТЕ

ШЫМКЕНТТЕ 2025 ЖЫЛЫ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ

Пікір қалдырыңыз