aspan

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ BOEING КОМПАНИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ ДЖЕФФ ШОККИДІ ҚАБЫЛДАДЫ.

✔️АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев авиация, қорғаныс және ғарыш техникаларын шығаратын Boeing трансұлттық корпорациясының басшылығымен кездесті.
✔️Президент отандық Air Astana, SСAT және Vietjet Qazaqstan компаниялары еліміздегі авиация саласын дамытуда ерекше маңызға ие ортақ жобаларды одан әрі ілгерілетуге мүдделі екенін атап өтті.
✔️Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana мен Boeing арасында ұшақ жеткізу бойынша келісімге қол қойылғанын құптады.
✔️Биыл жыл соңына дейін Құрама Штаттарға тікелей әуе қатынасын ашу мақсатында Boeing 787 Dreamliner ұшақтары елімізге жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
✔️Бұдан бөлек, SCAT әуе компаниясы қосымша Boeing ұшақтарын сатып алмақ. Сондай-ақ америкалық корпорациямен серіктестік негізінде Шымкент әуежайында алғашқы техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
✔️Джефф Шокки компанияның цифрландыру саласындағы жоспарымен бөлісіп, Қазақстанның көлік-транзит әлеуетіне жоғары баға берді. Оның айтуынша, әуемен жүк тасымалдау бағытында нәтижелі ықпалдастық орнатуға мүмкіндік мол.
✔️Сонымен қатар кездесу барысында авиация саласына маман даярлау және еліміздегі жүк тасымалдаушы ұшақтар паркін дамыту перспективасы талқыланды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

“НАЗАРБАЕВ, КЕТ!” ДЕП ҰРАНДАТҚАН БЕЛСЕНДІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ БАЗАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖАҢАРЫП, ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ 100 ПАЙЫЗҒА ЖАҚЫНДАДЫ

САЯСИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ: СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз