aspan

ПРЕЗИДЕНТ U.S. INTERNATIONAL DEVELOPMENT FINANCE КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ (DFC) АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ БЕН БЛЭКТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Беделді халықаралық қаржы институты басшысымен кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы корпорацияны Қазақстанның орнықты дамудағы маңызды серіктесі деп атап, экономиканың түрлі секторындағы ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенін растады.
Бен Блэк Президент Дональд Трамп пен оның әкімшілігі Қазақстанмен тығыз әрі өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беретінін айтты.
Осы орайда ол аймақтық және өңіраралық сауданы кеңейтуде стратегиялық маңызға ие тау-кен өндірісі, көлік-транзит инфрақұрылымы салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндігі мол екеніне назар аударды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚҰМАР ОЙЫН БИЗНЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ЕКІ ШЕТЕЛДІК АЗАМАТҚА ІЗДЕУ САЛЫНДЫ

Aspan info

Олжас Бектенов кәсіпкерлерді екі апта ішінде салық сомасын әділетті түрде төлеуге шақырды

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМДАР ЖАСАЛДЫ

Пікір қалдырыңыз