aspan

ҚОЛЫНА АРА ҰСТАП ЖҮРГЕН: АТЫРАУДА ЕР АДАМ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЗӘРЕ-ҚҰТЫН ҚАШЫРДЫ

Атырау қаласында полиция Береке шағын ауданында тұрғындарды арамен қорқытқан ер адамды ұстады.
Оқиға 15 ақпан күні кешкі уақытта болған.
Тұрғын үйдің ауласында және подъезінде қолында арасы бар ер адамның оғаш әрекеті туралы хабарлама 102 нөміріне шамамен сағат 23:40-та түскен. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция жетіп, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол 33 жастағы ер адам болып шықты.
Медициналық куәландыру нәтижесінде ұсталған азаматтың есірткілік мас күйде болғаны анықталды. Оған қатысты «Дәрігердің тағайындауынсыз есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды қолдану» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Іс материалдары әрі қарай қарау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БИДАЙ ҚЫСҚАРАДЫ, ЖЕМШӨП КӨБЕЙЕДІ: 2026 ЖЫЛЫ НЕ ЕГЕМІЗ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ «ҚАРА ШАҢЫРАҚ»ҚОЛӨНЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ӨНЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ

ГОЛАН БИІКТІКТЕРІНДЕГІ МИССИЯ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САПЕРЛАР 1200-ДЕН АСТАМ ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТЫ ЖОЙДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз