aspan

ҰҚК мен ІІМ ауқымды операция жүргізді: 20 адам ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік қызметі Ішкі істер министрлігімен арнайы операция жүргізіп, 20 адамды ұстады.
4 ақпанда ҰҚК ІІМ-мен бірге және Бас прокуратураның үйлестіруімен қару сақтау мен сатуға, бопсалауға, ұрланған автокөліктерді «заңдастыруға» және өзге де қылмыстарға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтың әрекетін тоқтатуға бағытталған арнайы операция өткізген.
«Іс-шаралар бір мезетте Алматы мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Абай мен Жетісу өңірлерінде жүргізілді. 20 адам ұсталды, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.
Тінту барысында күдіктілерден қару, оқ-дәрі, есірткі заттары, қомақты ақша және басқа да айғақ заттар тәркіленген.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ГЕНЕРАЛ-МАЙОР Ж.СҰЛТАНОВ 80 ЖАСТА!

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ: ШЫМКЕНТТЕ 19 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

АСТАНАЛЫҚ АЛАЯҚ TIKTOK-ТА ӨЗІН “ЕМШІМІН” ДЕП ТАНЫСТЫРЫП, 5,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТАПҚАН

Aspan info

Пікір қалдырыңыз