aspan

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ДИПЛОМДАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Тоқаев қазақстандық дипломдарды Азия-Тынық мұхиты өңірінде тану туралы заңға қол қойды.
Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы «жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы» заңға қол қойған.
Айта кетейік, бұған дейін аталмыш заңды Сенат мақұлдаған еді. Осылайша Қазақстан дипломдар мен біліктіліктер туралы ақпарат алмасуға арналған өңірлік желіге (APNNIC) ресми түрде қосылды.
Аталған конвенцияға қосылу Қазақстан азаматтардың дипломдары мен біліктіліктерін Азия–Тынық мұхиты өңірі елдерінде тануға мүмкіндік береді. Бұл студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын жеңілдетіп, азаматтардың алған мамандығы бойынша шетелде жұмысқа орналасуына жол ашады. Конвенцияға Ауғанстан, Армения, Австралия, Қытай, Фиджи, Ватикан, Жапония, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Ресей, Түркия және Оңтүстік Корея мүше.
Еске салсақ, бұған дейін енді қазақстандықтардың дипломдары Қытайда, Оңтүстік Кореяда және Түркияда мойындалатыны туралы жазған едік.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АЛМАТЫДА ЖОЛДА КЕЛЕ ЖАТҚАН АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ КЕНЕТТЕН КӨЗ ЖҰМДЫ

Aspan info

ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПЕН ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ШАХБАЗ ШАРИФ ШАҒЫН ҚҰРАМДА КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз