aspan

8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ӨЗІН МАЗАҚТАҒАН СЫНЫПТАСТАРЫНЫҢ ҮСТІНЕ БЕНЗИН ҚҰЙЫП, ӨРТЕП ЖІБЕРГЕН

Красноярск қаласындағы №153 мектепте 8-сынып оқушысы сыныптастарына шабуыл жасап, оларды өртемек болған. Оқиға салдарынан бір баланың денесінің шамамен 40 пайызы, ал тағы екі оқушының 15–20 пайызы күйік шалды.

Куәгерлердің айтуынша, оқушы алдымен мектептің әжетханасында унитаз қақпағын өртеп, кейін сыныпқа кіріп, сыныптастарының үстіне бензин құйған. Сонымен қатар, бірнеше балаға балғамен соққы жасаған.

Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, оқушы бұл әрекетін мектептің ортақ чатында алдын ала хабарлаған. Тіпті шабуылға кімдер ұшырайтынын анықтау үшін сауалнама жүргізген. Алайда сыныптастары бұл ескертулерге мән бермеген.

Бастапқы мәлімет бойынша, шабуылдың себебі – қатарластарының мазағы мен елемеуі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

Aspan info

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ИРАН ПРЕЗИДЕНТІНЕ ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Aspan info

ЖЕЛІДЕГІ ЖАЗБА ҮШІН 20 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТҮРМЕ: БАС ПРОКУРАТУРА АЗАМАТТАРҒА ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз