aspan

ТҰРАН АУДАНЫ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРЫП, ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы – Асылжан Дәулетханұлы төмендегідей мәлімдеме жасады.
Шымкент қаласындағы ірі аудандардың бірі – Тұран ауданы қарқынды дамып келеді. Аумағы 36 300 гектарды құрайтын ауданда бүгінде 21 шағын аудан, 39 357 жеке тұрғын үй және 548 көпқабатты үй орналасқан. Мұнда 232,7 мыңға жуық халық тұрады. Сонымен қатар, аудан аумағында 1 229 көше мен 293 әлеуметтік нысан бар.
Аудан халқын базалық инфрақұрылыммен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Бүгінде Тұран ауданындағы барлық 21 шағын аудан 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Электр жарығы да толықтай қолжетімді.
Табиғи газбен қамту көрсеткіші 85,7 пайызға жетіп отыр. Қазіргі таңда 18 шағын аудан газға қосылған. Ал газдан тыс қалған Жаңаталап, Құрсай және Айкөл шағын аудандарында құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы аяқталып, 2026 жылы магистралды көшелерге газ қосу жоспарланған. Абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, 2027 жылы аудан толықтай табиғи газбен қамтылады.
Кәріз жүйесіне келсек, бүгінде 13 шағын аудан немесе 60,8 пайызы орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Қалған 8 шағын аудан бойынша мәселе кезең-кезеңімен шешіледі. 2026–2027 жылдары Қазыбек би көшесінде кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілмек.
Жол инфрақұрылымында да айтарлықтай ілгерілеу бар. Аудан аумағындағы 1 229 көшенің жалпы ұзындығы 570,4 шақырымды құрайды. Оның 458,1 шақырымы асфальтталған. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы 251 көше немесе 112,3 шақырым жолға асфальт төселді. Нәтижесінде, аудандағы асфальтталған көшелердің үлесі 100 пайызға жетті.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында аяқ жол салу жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. 2024 жылы 39 көшеге 21,3 шақырым, ал 2025 жылы 44 көшеге 20,1 шақырым аяқ жол салынып, толық аяқталды. Бұған қоса, 2025 жылы 35 көшеде 17 шақырым ирригация жүйесі орнатылды.
Көшелерді жарықтандыру мәселесі де толық шешімін тапты. 2023 жылы аудан көшелерінің небәрі 35 пайызы жарықтандырылса, 2024 жылы 681 көше жарықпен қамтылды. Ал 2025 жылы қалған 333 көшеге жарықшам орнатылып, нәтижесінде Тұран ауданындағы көшелер 100 пайыз жарықтандырылды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ШЫМКЕНТТІК БАЛУАНДАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АУҚЫМДЫ ЗАМАНАУИ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

Пікір қалдырыңыз