aspan

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСӨСПІРІМ ОҚУШЫ ҚЫЗДЫ ЗОРЛАМАҚ БОЛҒАН

Шымкентте жасөспірім кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Жасөспірімге қатысты шағым полицияға 1 ақпанда түскен. Онда жасөспірім кәмелетке толмаған қызды ұстап алып, заңсыз әрекеттер жасамақ болғаны айтылған.
«Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барды. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жасөспірімнің ата-анасы полицияға жеткізілді», — дейді Шымкент қалалық полиция департаменті.
Қызбен психологтар жұмыс істеді. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ, дейді полиция.
Тергеу жүргізіліп жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: ІШКІ НАРЫҚТЫ ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСАДЫ

Aspan info

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ЖМБМК: 1,5 жылда 100 миллион өтінім

Пікір қалдырыңыз