aspan

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТАҢДАУ

Бүгін Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының Төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен өткен фракция отырысында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасы және оған енгізіліп отырған өзгерістер кеңінен талқыланды. Жиында бұл маңызды құжаттың мәні мен мазмұнын ел ішінде жан-жақты әрі түсінікті жеткізу қажеттігі ерекше атап өтілді.
Серік Рахметоллаұлы жиналған қауымды мемлекет болашағы үшін айрықша маңызға ие Ата Заң жобасының негізгі бағыттарымен таныстырып, құжатты мұқият зерделеуге шақырды. Ол қоғамда шындыққа сәйкес келмейтін арандатушылық ақпараттарға ермей, тек ресми дереккөздер мен нақты мәтінге сүйене отырып, сындарлы әрі байыпты пікір қалыптастырудың маңызын атап өтті. Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірпалаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде жүзеге асырылуда. Жаңа редакцияда Конституцияның преамбуласы, 11 бөлім және 95 бап бекітілуі ұсынылған. Құжатта адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындалып, бірлік, ұлтаралық және дінаралық келісім негізгі мемлекеттік құндылықтар деңгейінде бекітіледі.
Сонымен қатар, білім, ғылым, мәдениет пен инновацияларды дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары ретінде белгіленіп, цифрлық құқықтарды қорғау, саяси институттарды жаңғырту сынды жаңа нормалар енгізілген. Бұл өзгерістер еліміздің құқықтық жүйесін заманауи талаптарға сай жетілдіруге бағытталған.
«Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары жаңа Ата Заң жобасын бірауыздан қолдап, оның құқықтық мемлекетті нығайтуға және Қазақстанның тұрақты дамуына берік негіз болатынын атап өтті. Жаңа Конституция бойынша түпкілікті шешімді халық жалпыұлттық референдумда қабылдайды. Конституциялық комиссияның жұмысы жалғасуда, ал «Ауыл» партиясы бұл үдерісте ашықтық пен қоғамдық түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуге дайын екенін білдірді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АППАРАТ БАСШЫСЫ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТ: АУДАН АУМАҚТАРЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Даурен Абаев назначен чрезвычайным и полномочным послом Казахстана в России

Пікір қалдырыңыз