aspan

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛ ӨЗ БАЛАСЫН ҰРЫП, СОНЫ ВИДЕОҒА ТҮСІРГЕН

Желідегі ақпаратта әйел бұл әрекетін бұрынғы күйеуінен кек алу мақсатында жасағаны айтылған
Тараз қаласының тұрғыны бүлдіршін баласын ұрып, оны видеоға түсірген.Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда бүлдіршінді әйелдің ұрғаны көрсетілген. Ол өзінің ұрғанымен қоймай, қызын да баланы ұруға мәжбүрлеген. Желідегі ақпаратта әйел бұл әрекетін бұрынғы күйеуінен кек алу мақсатында жасағаны айтылған.
Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
«Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», — дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінде.
Балаға жедел түрде медициналық қызметкерлермен тексеру жүргізіліп, сот-медициналық сараптама жасалған.
Әйел тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Сараптамалар мен тергеу қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданады, дейді полицейлер.
Осы оқиғаға қатысты оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде бүлдіршіндер балалар үйіне уақытша орналастырылғанын, олардың қауіпсіздігі мен қажетті күтімі толық көлемде қамтамасыз етілгенін хабарлады.
«Балаларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр, қазіргі уақытта дәрігерлердің жіті назарында, жағдайлары тұрақты. Балаларға қатысты қатыгездікке ешбір жағдайда жол берілмейді. Аталған дерекке тиісті құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылады», — деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар ата-ана құқықтарынан айыру мәселесі Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда белгіленген тәртіппен қаралады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАН ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ ӘСКЕРИ ЖАНЖАЛДЫ ТЕК ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ШЕШУДІ ҚОЛДАЙДЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 695 МЫҢНАН АСТАМ ДАУЫС БЕРУШІ БАР

Aspan info

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ ЖЕТЕКШІ ХИРУРГТАРЫ АС ҚОРЫТУ ЖОЛДАРЫНЫҢ АУЫР АУРУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРҒА СӘТТІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАДЫ

Пікір қалдырыңыз