aspan

ҮНДІСТАН ҚАЗАҚ ТУРИСТЕРІ ҮШІН ТЕГІН ВИЗА ҰСЫНАДЫ

Үндістан Қазақстан азаматтары үшін отыз күнге дейін тегін виза ұсынатын болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінен хабарлады.
Ведомствоның түсіндіруінше, бұрын Үндістан азаматтары Қазақстанға 14 күнге дейін визасыз кіре алатын. Енді қазақстандықтар үшін одан да тиімді шарт жасалды.
Үндістан үкіметінің шешімі екі ел арасындағы байланысты нығайту үшін жасалған. Жаңа шарт тек туристік виза үшін ғана емес медициналық және медициналық қолдауға арналған виза үшін де жарамды.
Ескерте кетейік, қазір Үндістанның кей өңірінде Нипах вирусы таралып жатыр. Ол жануарлардан жұғады. Осы үшін елдегі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әзірге Үндістанға бармауға кеңес берген еді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕН СУДЬЯ ӘСЕЛ ДОСАЕВА ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРЫЛДЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ STARTUP ORDA ИНКУБАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮКІМЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Пікір қалдырыңыз