aspan

БУРАБАЙДА ҚАҢҒЫБАС ИТТЕРДІ АТҚАН ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ОҒЫ АДАМҒА ТИІП КЕТКЕН

Қызметкердің оғы әріптесінің аяғына тиіп кеткен. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен адам оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. «Өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жағдайы тұрақты, Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылды», – деп хабарлады ведомство.
Ақмола облыстық полиция департаменті абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру және жануарларға қатыгездік көрсету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ полицейлер қолданылған қаруды тексеріп жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢДАРЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ОҚЫТУ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР ҚАРАЛДЫ

Пікір қалдырыңыз