aspan

САЯСИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ: СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Сенатта «Ұлттық мүдде» диалог алаңының «Саяси жаңғыру: Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі» тақырыбына арналған отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар мемлекеттілікті дамытудың жаңа кезеңіне өту кезінде конституциялық реформаның мәні мен мазмұнын, оның саяси жүйені жаңғыртудағы және мемлекеттік құрылымның жаңа моделін қалыптастырудағы рөлін талқылады.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев отырысқа қатысушыларға ілтипат білдіріп, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды конституциялық өзгерістер мемлекеттілікті дамытудың жаңа кезеңіне өту үшін жасалған қадам және қоғамның саяси жүйені жаңартуға қатысты сұранысына берілген жауап екенін атап өтті. Сондай-ақ ол бұл белгілі бір салалардағы өзгерістер емес, мемлекеттік модельдің мазмұны мен жұмыс істеу қағидаттарын түбегейлі қайта қарау екенін тілге тиек етті.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың жуырда өткен отырысында ауқымды конституциялық реформалар туралы айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңа кезеңі басталатынын жеткізді. Бұл саяси жүйемізге тек түзетулер мен толықтырулар енгізу деген сөз емес. Шын мәнінде, бұл әлемдегі қазіргі сын-қатерлерге бейімделу арқылы түбегейлі жаңғыруға қадам басу екені анық. Сондықтан, осындай маңызды сәтте бірлігімізді бекемдеп, Мемлекет басшысы ұсынған өзгерістерді жүзеге асыруда жұдырықтай жұмылу айрықша мәнге ие», – деді Мәулен Әшімбаев.
Палата Спикері елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа кешенді және жүйелі сипатқа ие екенін айтты. Алдағы өзгерістер парламенттік реформалар аясынан шығып, Ата Заңымызды тұтастай қамтып отыр. Оның айтуынша, қазірдің өзінде Конституцияның 80-ге жуық нормасына өзгерістер енетіні белгілі болды. Бұл басты құқықтық құжатымыздың 84 пайызын құрайды. Мәулен Әшімбаев реформаның маңызды бағыты еліміздің жоғарғы заң шығарушы органының өкілеттіктерін кеңейтуді және рөлін күшейтуді көздейтінін де атап өтті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА СОТ ТӨРАҒАСЫ ПАРА АЛДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ҰСТАЛДЫ

Aspan info

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУ: ЖАҢА ӨНДІРІСТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗА ТАПҚАН 21 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫҢ ТУЫСТАРЫ ПОЛИЦИЯНЫ НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ ДЕП КІНӘЛАДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз