aspan

ШЫМКЕНТТІК ФРИСТАЙЛШЫЛАР 2026 ЖЫЛҒЫ ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстанның фристайл-акробатика құрамасы 2026 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарына бес лицензия иеленді. Халықаралық шаңғы спорты федерациясы Италияда өтетін Олимпиадаға бөлінген квоталардың ресми тізімін жариялап, іріктеу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасына 4 ер және 1 әйел спортшыға жолдама берілгенін мәлімдеді.
Аталған лицензиялардың төртеуі Шымкент қаласының спортшыларына тиесілі. Атап айтқанда, Олимпиада ойындарында ел намысын Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов, Асан Асылхан және Аяна Жолдас қорғайды. Олимпиадаға берілетін жолдамалардың нақты саны қаңтар айының соңында түпкілікті бекітілетін болады.
Айта кетейік, XXV қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылғы 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Дүбірлі додаға әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.
Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ БҰРЫНҒЫ ДЕПУТАТЫ АМАНГЕЛДІ МОМЫШЕВ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ.

ЖАМБЫЛДА ТАҒЫ БІР ӘЙЕЛ ПЕРЗЕНТХАНАДА КӨЗ ЖҰМДЫ

Aspan info

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 40 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Пікір қалдырыңыз