aspan

НҰРАЙДЫҢ ҚАЗАСЫНА ҚАТЫСТЫ «НЕКЕГЕ ТҰРУҒА МӘЖБҮРЛЕУ» БАБЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІРКЕЛДІ

Нұрайдың қазасына қатысты «Некеге тұруға мәжбүрлеу» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді
Мұны адвокат Аянхан Омаров мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Ішкі істер министрлігінен арнайы комиссия келіп, жедел-тергеу тобы құрылды. Қазір іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр екен.
Бұған дейін 11 қаңтар күні кешке Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің маңынан қыздың мәйіті табылған еді. Марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болған.
Ал 20 қаңтар күні Ұлттық құрылтайда президент Ішкі министрлігіне Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырған еді. Сол мәлімдемеден соң полиция басшысы мен оның орынбасары қызметінен босатылды. Ал министрлік полицейлерге салғырттығы үшін қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ «МЫҢ ЖҮЙРІК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫ: ҚАЛА ӨМІРІН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ҚАДАМДАР

ЕКПЕ ЖОҚ БОЛСА, ЕМ ДЕ ЖОҚ: АСТАНАДА БАЛАЛАРДЫ АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз