aspan

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА МАҢЫЗДЫ РЕФОРМАЛАР МЕН БАСТАМАЛАРДЫ ЖАРИЯЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым‑Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында бірнеше салаға өзгерістер енгізіп, маңызды шешімдер қабылдағаны туралы негізгі бағыттар мен нақты бастамаларды төмендегідей түйіндей аламыз:
▪ Жаңа Парламент Құрылтай деп аталады.
▪Жаңа бірпалаталы Парламентте Президенттік квота да, Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы да болмайды.
▪Құрылтай құрамында 145 депутат болады.
▪Құрылтай мүшелерінің барлығы партиялық тізім бойынша сайланады.
▪Өңірлерде мажоритарлық сайлау жүйесі сақталады.
▪Пропорционалды жүйе бойынша Парламентке өту шегі 5 пайыз деңгейінде қалады.
▪ Құрылтайдың өкілеттік мерзімі – 5 жыл.
▪Жаңа Парламенттің құрылымы: 8 комитет, 3 вице-спикер.
▪ Конституциялық соттың, Жоғары аудиторлық палатаның және Орталық сайлау комиссиясының барлық мүшелері тек Парламенттің келісімімен тағайындалады.
▪ Болашақ бірпалаталы Парламент депутаттары Президент ұсынатын Жоғарғы соттың барлық судьяларын сайлайды.
▪Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың функциялары Халық кеңесіне өтеді. Бұл – жаңа кеңесші алаң.
▪Халық кеңесінің құрамына 126 адам кіреді:
– 42 этномәдени бірлестік өкілі
– 42 мәслихат депутаты
– 42 қоғамдық ұйым өкілі
▪Халық кеңесінің отырысы жылына бір рет өткізіледі.
▪ Қазақстанда Президент тағайындайтын вице-президент институты енгізіледі.

▪ Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады.
▪ Мемлекет басшысы Конституциялық комиссия құру туралы арнайы Жарлыққа қол қояды. Комиссия құрамына 100-ден астам адам кіреді.
Комиссия барлық ұсыныстарды зерделегеннен кейін жалпыхалықтық референдумның мерзімі белгіленеді.
Қабылданған шешім – билікті бір орталыққа топтастырудан гөрі, халықтың саяси еркіне сүйену арқылы басқарудың мінезін түзеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады. Қысқасы, бұл бастама – кеңестік жүйеден билікке, квоталық принциптен теңдікке, формалдылықтан халықтық өкілдікке өту жолындағы тарихи кезеңді айқындайды. Енді Қазақтың Құрылтайы тек атау ғана емес, нақты саяси мазмұнға ие, ол қоғамның пікірін ескеретін, халықтың еркін білдіретін шынайы институтқа айналды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕГІ ҚЫЗЫЛЖАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫ ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА ҚОСЫЛДЫ

ТӘЖІРИБЕЛІ ПЕДАГОГ СОТТА ЖЕҢІП, ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАЙТА КІРІСТІ

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАППАЙ ТӨБЕЛЕС: БІР АДАМ ҚАЗА ТАУЫП, БЕС КҮДІКТІ ІЗДЕСТІРІЛУДЕ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз