aspan

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ

Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың Ѵ отырысы өтті. Жиында Президент ұлттық рухани-мәдени мұраны сақтау, зерделеу және халықаралық деңгейде таныту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ұлттық құрылтайда бұған дейін көтерілген бастамалар аясында нақты нәтижелерге қол жеткізілген. Атап айтқанда, 14 жылда алғаш рет аса құнды «Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізілгенін атап өтті. Сонымен қатар биыл Корея Республикасының Пусан қаласында өтетін Бүкіләлемдік мұралар комитетінің отырысында «Маңғыстаудың жерасты мешіттерін» ЮНЕСКО тізіміне қосу мәселесі қаралатынын айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстанның материалдық емес мәдени мұраларды ЮНЕСКО тізіміне енгізу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатқан 25 елдің қатарына кіретінін айтып, бұл жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті. Оның сөзінше, төл тарихты терең зерделеу мен мәдениетті өркендету үздіксіз жүргізілуі тиіс маңызды міндет.
Президент еліміздегі бірегей тарихи нысандарға да тоқталды. Ол Жаркент мешіті мен Алматыдағы Вознесенск кафедралды шіркеуін татулық пен бірліктің нақты көрінісі ретінде атап өтті. Сондай-ақ Қаратау петроглифтерінің төрт мың жылдық тарихы бар екенін, Қызылорда мен Түркістан облыстарынан табылған 17 мыңнан астам петроглиф ұлттық өркениеттің терең тамырын айқындайтынын айтты. Осы құнды мұраларды ЮНЕСКО- ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу үшін тиісті министрлікке нақты тапсырма берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай ілімінің ұлттық бірегейліктің өзегі болуы тиіс екенін атап өтіп, ұлы ойшылдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енгізу қажеттігін айтты. Сонымен қатар Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи және Абай ілімдерін жүйелі түрде насихаттайтын ғылыми жиындарды тұрақты өткізу маңызды екенін жеткізді. Президент бұл мұралар қазақ халқының рухани- философиялық тірегі екенін атап өтті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Бірлік пен жасампаздық: ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойына арналған негізгі бастамалар

Шымкент встречает зиму во всеоружии: тепло, уголь и контроль под рукой

ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫ АРТҚАН

Пікір қалдырыңыз