aspan

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 362-нқ бұйрығына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі қайта бекітілді. Бұл өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының саны 19-дан 31-ге дейін көбейді.
Мұндағы мақсат – әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және бағаның негізсіз өсуіне тосқауыл қою.
Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үстеме бағаның мөлшерін 15 пайыздан арттыру айыппұл салуға алып келеді:
— жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілерге – 5 АЕК;
— орта кәсіпкерлік субъектілерге – 35 АЕК;
— ірі кәсіпкерлік субъектілерге – 150 АЕК.
Егер заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері екі есе артады.
Қазіргі таңда сауда нүктелеріне бақылау күшейтілуде. Әр кәсіпкер әлеуметтік маңызды азық-түлік тізіміндегі тауарларға белгіленген 15 пайыз шекті сауда үстемесін сақтауы тиіс.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢА ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ МЕН ЖАСЫЛ БЕЛДЕУДІ КЕҢЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ПОЛЬШАДА ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЙЕЛДІҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ

Aspan info

ПРЕЗИДЕНТ ШЫМКЕНТТЕ БОЙЖЕТКЕННІҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ БАС ПРОКУРАТУРАҒА ТАПСЫРМА БЕРДІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз