aspan

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 260-ТАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімдігінде азаматтарды жеке қабылдау өтіп, тұрғындар қала әкіміне түрлі мәселелерімен келді. Өтініштердің басым бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй және жер қатынастары, білім беру мен кәсіпкерлік салаларына қатысты болды.
Әрбір өтініш бойынша азаматтарға тиісті түсіндірмелер беріліп, қосымша зерделеуді қажет ететін сұрақтар бойынша жауапты орындаушылар белгіленді, нақты орындау мерзімдері айқындалды.
Жалпы, қала әкімі, басқарма басшылары және аудан әкімдері күні бойы 260-тан астам азаматты қабылдады. Түскен барлық өтініш бақылауға алынып, заңнамада белгіленген тәртіппен, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға баса назар аударыла отырып қаралады.
Айта кету керек, азаматтарды жеке қабылдау және тұрғындармен ашық диалог орнату қала әкімдігі жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЛИДЕРЫ ПАРТИЙ И ДЕПУТАТЫ ОТМЕТИЛИ МАСШТАБНОСТЬ ПРЕДСТОЯЩИХ ИЗМЕНЕНИЙ В КОНСТИТУЦИИ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕГІ ДЕНДРОСАЯБАҚТА ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ

Aspan info

Приведет ли рост ставки НДС к значительному росту цен?

Пікір қалдырыңыз