aspan

ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСУДА

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен 2026 жылдағы алғашқы кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту жоспарлары мен облыстық басқармалардың, қала және аудандардың 2025 жылғы бюджетті орындау барысы қаралды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережимде қосылды

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мерей Байырхан және қаржы басқармасының басшысы Гүлфайрус Серікболова баяндады. Абай облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан асады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті маңызы бар жолдардың 89 пайызы нормативтік жағдайға жеткізілген. Былтыр республикалық маңызы бар жолдардың 584 шақырымы қайта жаңғыртылып, 258 шақырым жолда орташа жөндеу жүргізілді. Биыл республикалық жолдардың 288 шақырымын қамтитын бірқатар учаскеде жөндеу жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр. 2025 жылы жергілікті жолдар мен көшелерді жөндеуге ерекше көңіл бөлініп, 325 шақырым жол жаңартылды. Биыл 205 шақырымнан астам жолды жөндеу көзделген.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

НАННЫҢ ІШІНЕН ҰСТАРА ЖҮЗІ ТАБЫЛҒАН

ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАСЫНДА ЖАППАЙ ТӨБЕЛЕС БОЛДЫ

ШЫМКЕНТ: КӨКСАЙ АУМАҒЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА 20 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз