aspan

ШЫМКЕНТТЕ 21 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫ ПЫШАҚТАП, ӨЛТІРІП КЕТТІ

11 қаңтар күні Шымкент қаласында 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмды. Полицияның мәліметінше, кісі өліміне қатысты күдіктінің жеке басы анықталған.
«Аталған дерек бойынша полиция кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған. Қазіргі уақытта оны ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

SPACEX РАКЕТАСЫ СЫНАҚ КЕЗІНДЕ ЖАРЫЛДЫ

АНАСЫ ЕКІ БАЛАСЫН ТЕРЕЗЕДЕН ЛАҚТЫРЫП ЖІБЕРГЕН

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Пікір қалдырыңыз