aspan

82 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

Шымкент қаласында 2025 жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында атқарылған жұмыстар мен негізгі көрсеткіштерге арналған баспасөз брифингі өтті. Оған қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Талғат Мекамбаев қатысып, саладағы негізгі жетістіктерді, жүзеге асырылған жобаларды және алдағы жоспарларды баяндады.

Басқарманың мәліметінше, биыл қаладағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 51,8 млрд теңгеге жеткен. Жоспарланған көрсеткіш 55,3 млрд теңге болса, бұл көрсеткіштің 94% орындалғанын көрсетеді. Ауыл шаруашылығын дамыту бағытында 23 мың гектар жерге әртүрлі дақылдар егіліп, 82 мың тонна өнім жиналды. Оның ішінде дәнді дақылдар – 7,0 мың га, майлы дақылдар – 3,3 мың га, көкөніс-бақша дақылдары – 1,8 мың га, ал мал азығы дақылдары – 10,9 мың гектарды қамтиды.

Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласына 12 инвестициялық жоба бойынша жалпы құны 43,4 млрд теңгені құрайтын қаржы тартылып, нәтижесінде 170 жаңа жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда, биыл 1 көкөніс қоймасы, 1 құс фабрикасы, 6 сүт өңдеу кәсіпорны, 1 сүт фермасы, жеміс-көкөніс өңдеуді кеңейту жобалары және 40 гектар аумақта «Alsera KZ» жылыжай кешені құрылды. Қазіргі таңда «Alsera KZ» жылыжай кешенінің құрылыс жұмыстары толық аяқталып, алғашқы өнім жиналып жатыр. Бұл жобалар қаланың агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, әлеуметтік тұрақтандыру шаралары аясында Тұрақтандыру қорының айналым механизмі бойынша ірі сауда желілері мен негізгі тауар өндірушілер – ұн, жұмыртқа, нан, сиыр еті, тауық еті, күнбағыс майы – арасында келісім-шарттар түзілді. Қаланың 90-ға жуық сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағамен сатылуда. Халықтың тығыз орналасқан аудандарында әлеуметтік сауда нүктелерінің санын арттыру мақсатында 15 «Бақша» павильоны іске қосылды. Бұл шара тұрғындардың азық-түлікке қолжетімділігін арттырып, бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ветеринариялық сала бойынша да жоспарлы және алдын алу шаралары жүйелі түрде жүргізілуде. Мал шаруашылығын инфекциялық және жұқпалы аурулардан қорғау бағытында тексерулер мен мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Ветеринариялық мамандар мал азығы сапасын бақылап, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Осылайша, 2025 жылдың 11 айында Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында атқарылған жұмыстар қаланың аграрлық әлеуетін арттыруға, инвестициялық тартымдылықты күшейтуге, тұрғындарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге және ауылдық өндірісті жаңғыртуға бағытталған жүйелі шаралар болып отыр. Алдағы кезеңде басқарма жоспарланған жобаларды толық іске асыру және әлеуметтік маңызы бар өнімдерді тұрақты түрде жеткізу бойынша жұмыстарын жалғастырады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАНДА ПӘТЕР ЖАЛДАЙТЫНДАР САНЫ ӨСТІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ӘЙЕЛДЕР БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Пікір қалдырыңыз