aspan

ШЫМКЕНТТЕ «CREATIVE ETHNO MARKET» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢЫ ӨТТІ

22-23 қараша күндері «Shymkent Creative Hub» алаңында креативті индустрия өкілдері бас қосты. «Creative Ethno Market» іс-шарасына шығармашыл мамандар, қолөнершілер, дизайнерлер және өнерсүйер қауым қатысты.
Екі күн бойы көркем өнер, киіз бұйымдарын, ұлттық әшекей жасау, қолөнер және басқа бағыттар бойынша кәсіби шеберлердің шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Ұлттық киімдердің сән көрсетілімі өткізіліп, отандық дизайнерлер мен қолөнершілердің көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Шығармашылық саласында білім алатын колледж студенттері креативті хабтың жұмысымен танысып, тәжірибелі мамандардың практикалық сабақтарына қатысты. Студенттер үшін бұл тәжірибе кәсіби бағыт-бағдарын айқындайтын және индустриядағы жаңа мүмкіндіктерді танитын мұмкіндік болды.
«Creative Ethno Market» креативті қауымдастықтың байланысын нығайтуға, ұлттық өнерді дәріптеуге және жас таланттарды қолдауға бағытталған маңызды алаңға айналды. Іс-шара болашақта да шығармашылық бағыттағы жобалардың дамуына серпін бермек.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО-ның мереке күндеріндегі жұмыс кестесі

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу енді тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы мүмкін

ШЫМКЕНТ ДЕНДРОСАЯБАҒЫ ЖАҢА ӨСІМДІКТЕРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

Пікір қалдырыңыз