aspan

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы» деп жариялануына және «Заң мен тәртіп» қағидасына сәйкес, Жамбыл облысы  Шу ауданында педагогтар мен ата-аналар арасында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында конференция өткізілді. Конференцияға аудан мектептерінің басшылары мен педагогтары, ата-аналар қауымдастығының өкілдері және белсенділер қатысты. Іс-шара барысында төрт мектептің мұғалімдері оқушылар арасында есірткіге қарсы алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, тиімді тәжірибелері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Қатысушылар мектеп, отбасы және құқық қорғау органдарының өзара ынтымақтастығы жас ұрпақтың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыруда және салауатты өмір салты құндылықтарын нығайтуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.Конференция мазмұнды және белсенді түрде,тартысты ой-пікілермен үйлесім тапты. Кездесу соңында үздік педагогтар алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.Іс-шара соңы қатысушылардың дәстүрлі естелік суретке түсуімен аяқталды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ШЫМКЕНТТЕ «ҚАРА ШАҢЫРАҚ»ҚОЛӨНЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ӨНЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЛЫҢДЫҚ ЖІГІТІНЕН 1,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАЛЫҢМАЛЫН АЛЫП, ҚАШЫП КЕТКЕН

Aspan info

Пікір қалдырыңыз