aspan

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Мысалы, Еңбекші ауданында тұрғындардың ұсыныстары негізінде балалар мен жасөспірімдерге арналған ашық спорт алаңшалары орнатылып, пайдалануға берілді. Бұл спорт алаңдары аудан тұрғындарына дене шынықтыруға, бос уақытты тиімді өткізуге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алаңшалар орнатылған мекенжайлар:
• Жасдәурен ш/а., Жастар көшесі;
• Азат ш/а., Аққыр, Жаңақұрылыс-2 және Мақтаарал көшелері;
• Еламан ш/а., Жаңадария және Қызылтал көшелерінің қиылысы; Бозбұтақ көшесі;
• Ш.Уәлиханов көшесі, 188Б ғимаратының арты;
• Маятас т/а., Көзді ата және Жарлыкөл көшелерінде.
Алдағы уақытта тұрғындар «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында ұсыныстарын 2026 жылдың 20 қаңтары мен 1 наурызы аралығында аудан әкімдіктерінің ресми сайттары арқылы жолдай алады. Айта кету керек, өткен жылы Еңбекші ауданында 9 жаңа спорт алаңшасы салынып, тұрғындардың игілігіне берілген.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ТАҒАМНАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

«Мұқтаж жанға бұйыру керек еді»: Актриса Дариға Бадықова ойнатқан ұтыстың жеңімпазы белгілі актер болып шықты

Бала өмірінің қауіпсіздігі туралы ата — ананың рөлі

Пікір қалдырыңыз