aspan

Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов Ташкенттегі дипломатиялық қызметін аяқтады.

Оның елші ретіндегі қызметі кезеңінде екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді.

▪️Елшінің өкілеттік мерзімі аяқталып, жақын күндері дипломатиялық өкілдіктің жаңа басшысы тағайындалуы күтіледі, – деп хабарлайды НеХабар арнасы.

▫️61 жастағы Бейбіт Атамқұлов 2010–2012 жылдары Қазақстанның Малайзия, Индонезия, Бруней және Филиппин елдеріндегі Елшісі болды;

▫️2012–2015 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарды;

▫️2015–2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі; 2016–2018 жылдары Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

▫️2018–2019 жылдары Сыртқы істер министрі; 2019–2021 жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметтерін атқарды.

▫️2022 жылдың 31 қазанынан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып қызмет етті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АЛМАТЫДА ЕР АДАМДАР ҚЫЗДЫҢ ЕСІНЕН ТАНЫП ҚАЛҒАНЫН ПАЙДАЛАНЫП, ТЕЛЕФОНЫН ҰРЛАП КЕТКЕН

Aspan info

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 67 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛМАҚ

Aspan info

«ОТБАСЫ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз