aspan

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласындағы №24 Саттар Ерубаев атындағы мектеп-лицейінде «Жас сақшы заң мен тәртіптің қорғаушысы» атты іс-шара өтті. Мемлекеттік тапсырыс аясында ұйымдастырылған бұл жиынның басты мақсаты – жас ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңды құрметтеуге баулу және тәртіп пен жауапкершілік сезімін арттыру болды.
Маңызды шараға Шымкент қалалық полиция департаментінің өкілдері, жас инспекторлар мен ұстаздар қатысып, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мәселелерін талқылады. Іс-шара барысында «Жас сақшы» клубының таныстырылымы өтіп, оқушылардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылған, полиция қызметкерлері мен оқушылар арасында еркін пікір алмасты. Қатысушы мамандар заңды сақтау әр азаматтың борышы екенін және құқықтық сауаттылықтың қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті. Іс-шара соңында мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген оқушыларға «Үздік жас сақшы» атағы берілді. Бұл марапат жасөспірімдерді тәртіпке, жауапкершілікке және азаматтық белсенділікке ынталандыруды көздейді.
«Жас сақшы заң мен тәртіптің қорғаушысы» жобасы – жастардың құқықтық білімін арттырумен қатар, қоғам қауіпсіздігі мен тәртіпті сақтауда өз үлесін қосуға бағытталған маңызды бастама. Мұндай іс-шаралар жас буынның саналы, елжанды және заңға құрметпен қарайтын азамат болып қалыптасуына зор ықпал етеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қанша қазақстандық армиядан «қашып» жүр?

285 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСЫНАН АЙЫРЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МӘСҚ-ТЕН ТӨЛЕМ АЛДЫ

74 ЖАСТАҒЫ ТАКСИСТ ӘЖЕ ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН МҮЛДЕ БҰЗБАҒАН

Пікір қалдырыңыз